13-04-21 |
1080 рет қаралған
Қызылордалық ұстаздар мемлекеттің 340 миллион теңгесін бөліп алған.
Қызылордалық ұстаздар мемлекеттің 340 миллион теңгесін бөліп алған

Қызылорда облысында Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы, сектор меңгерушісі және есепшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Білім саласының мамандары 340 млн теңге көлеміндегі мемлекет ақшасын қолды қылған. Өңірде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінің мәліметіне сәйкес, күдіктілер 340 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын қолды еткен. Өкілетті басқарма маманары пандемия уақытын пайдаланып, өздерінің қитұрқы әрекеттерін жүзеге асырған деген болжам бар. 

«Күдіктілер былтыр пандемия кезінде, сәуір-қараша айлары аралығында мектеп оқушыларын жазғы лагерьлерге орналастыру, оларды ыстық тамақпен қамтамсыз етілді деген желеумен мемлекет қаражатын жымқырған. Жалпы шығын көлемі 340 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты, қосымша ақпарат хабарланбайды», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті басшысының орынбасары Руслан Ягмусов. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.