Қазақстандықтардың жеке бас деректері заң жүзінде қатаң қорғалатын болды. Ол үшін арнайы дербес деректерді қорғау сервисі енгізілмек. Кез келген Қазақстан азаматы өзі туралы заңсыз таратылған ақпарат үшін мемлекеттік немесе өзге органды жауапкершілікке тарта алады. Ел азаматтарының дербес деректері заң жүзінде қатаң қорғалады.
«Бұл өзгерістің журналистерге еш қатысы жоқ. Өйткені олар «БАҚ туралы заңға» сәйкес жұмыс істейді. Сәйкесінше, олар деректерді қолдана алады. Ал басқа мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау органдары азаматтың келісімінсіз оның жеке деректерін пайдалана алмайды», – деді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов.
Бұл туралы «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасында айтылды.
Ақпараттық қауіпсіздік мамандарының айтуынша, Қазақстандағы банктер мен электронды үкіметтің де ақпараттық жүйесінің қорғалуы тым әлсіз. Ал мұндай кемшін тұстарды комитетке жеткізген адамдарға ақшалай сыйлық беріледі екен.
Сондай-ақ мамандар мессенджерлер арқылы кез келген адамның дербес деректерінің таратылуы заңмен қудаланатынын айтты.
«Мұндай ақпараттар қылмыскерлер қолына түссе жағдай қиын болуы мүмкін. Тұрғындардың жеке деректерін уатсапта таратқан Нұр-Сұлтандағы екі тұрғын үйдің басқарушы компаниялары жауапкершілікеке тартылып, 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі», – деді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024