14-04-21 |
1510 рет қаралған
Бекболат Тілеухан ұрық саудасының проблемасын көтерді.
Бекболат Тілеухан ұрық саудасының проблемасын көтерді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстан бойынша аталық және аналық ұрықтың бірыңғай базасын құруды және бір реттен артық донор болуға тыйым салуды ұсынды.

Мәжілісмен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында ұрық доноры проблемасын көтерді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола алады. Дені сау, дене бітімі қалыпты дамыған, генетикалық сараптамасы жақсы болса, аталық ұрығын тапсыра алады. Қанша рет тапсырасыз өз еркіңіз. Шектеу жоқ. Анкетада жүзі, руы, бойы, салмағы, мамандығы көрсетіледі, болды. Каталогтан көңіліңізге қонғанын таңдап аласыз, бітті», – дейді ол.
Айтуынша, статистика бойынша жыл сайын тек бір ғана клиникада дәл осы жолмен 70 бала дүниеге келеді.

«Бұл – ертең еліміздің түкпір-түкпіріндегі 20 отбасыда бір әкеден тарайтын 20 ұл-қыз бойжетіп, ержетіп шығады деген сөз. Одан көп болуы да мүмкін. Бір әкеден тараған жандардың бір-біріне үйленуінің алдын алу үшін, ауру балалардың санын азайту үшін бұл мәселе өте маңызды деп ойлаймын», – деді депутат.

Осыған байланысты Бекболат Тілеухан болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мақсатында Қазақстан бойынша аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір базасын құруды ұсынды. Айтуынша, донорлар да тек сол орталыққа тапсырып, барлығы тек сол орталықтан ғана алып отыруы қажет.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар тұқым қуалайтын ауруды тез анықтаудың әдісін тапты

Бұдан бөлек, депутат бір реттен артық донор болуға рұқсат етпеу керек деп санайды. Сонымен қатар бір донордың ұрығын екі адамнан артыққа қолданбауды, барынша ашықтықты сақтауды қатаң түрде реттеуді ұсынды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.