Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иесі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды. Ол қазақ театры мен киносының мақтанышы еді.
Белгілі қазақстандық актриса Ғазиза Әбдінәбиева 73 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды театр директоры Асхат Маемиров хабарлады.
«Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді…. Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш… Ғазиза Апа, асыл апам-ай…», – деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы 3 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдара ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. Кеңестік, қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
1970 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін бітірді.
1968-1993 жылдары – Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды.
1993 жылдары Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болып қызмет етті.
2005 жылдан Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі.
Ғазиза Әбдінәбиева 1970 жылдан бастап театрландырылған қойылымдарға үнемі қатысып, көрермендер есінде әртүрлі кейіпкерлер рөлімен қалды.
Актриса қазақстандық телекөрермендерге ең алғаш отандық «Тоғысқан тағдырлар» телесериалы арқылы танылды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024