19-04-21 |
1620 рет қаралған
Талдықорғанда 12-сынып оқушысы Гарвард университетінен грант ұтты.
Талдықорғанда 12-сынып оқушысы Гарвард университетінен грант ұтты

Талдықорғандық Сезім Ертанатов Гарвард университетінде білім грантының иегері болды. Оқушы қазірден веб-сайттар жасауды меңгеріп алған.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы бірнеше жылдан бері бағдарламалауды жақсы көреді және әртүрлі веб-сайттар жасайды. Грант алу үшін Сезім барлық емтихандарды сәтті тапсырып, өзі туралы эссе жазды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 55 мың адам беделді университетте оқуға өтініш білдірді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қатал таңдау мен бәсекелестіктің нәтижесінде қазақстандық оқушы 1500 жеңімпаздың қатарына енді.

«Болашақта мақсатым – Гарвард университетін ойдағыдай аяқтау. Ең жақсы, ең құнды тәжірибені алу. Мүмкіндігінше магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Әрине, Қазақстанға ораламын», – деді Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Сезім Ертанатов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.