19-04-21 |
1730 рет қаралған
Қазақстандық әскер Жеңіс парадына қатыспайды.
Қазақстандық әскер Жеңіс парадына қатыспайды

Биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеудегі Жеңіс парадына бармайды. Бұл туралы министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі Виталий Адамович хабарлады.

«Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңда өтетін парадқа қатысуы жоспарланбаған. Ал өткен жылы біздің әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған әскери шеруге қатысқаны белгілі», – деді қорғаныс министрлігінің өкілі.

Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық аймақтарында онлайн режимде өтетін болады.

Сондай-ақ, «Жас сарбаз» қозғалысының бірқатар іс-шаралары жоспарлаған. Атап айтқанда, жас патриоттар Қарулы Күштер ардагерлерін құттықтайды. Әр аймақта эпидемиологиялық жағдайға байланысты салтанатты жиналыстар өтеді. Ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.