19-04-21 |
1490 рет қаралған
Түркістан табысы ең төмен өңірлерден көш бастады.
Түркістан табысы ең төмен өңірлерден көш бастады

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жан басына шаққандағы орташа табыс басқа облыстармен салыстырғанда едәуір төмен. Тұрғындардың көпшілігінде табыс – 100 мың теңгеге жетпейді. Зерттеу жұмыстарын Ranking.kz жасады.

Зерттеу деректері бойынша, 2020 жылдың төртінші тоқсанында халықтың табысы 125,4 мың теңгені құрады.

Ең төмен кіріс Түркістан облысында тіркелді – 65,9 мың теңге. Ал Атырау облысының халқы 230,2 мың теңге табыс табады.

Жалпы алғанда, жан басына шаққандағы ең төменгі атаулы ақшалай табыстар оңтүстік облыстарға тиесілі, онда көрсеткіш 100 мың теңгеден аспайды: Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың теңге), Жамбыл облысы (86,5 мың теңге), Алматы (90,7 мың теңге) және Қызылорда (91,2 мың теңге) облыстары.

«Жан басына шаққандағы ең жоғары атаулы табыс Атырау облысынан басқа, мегаполистерге тиесілі — Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) және Алматы (185 мың теңге)», – деп атап өтті сарапшылар.

Сонымен қатар Атырау облысында, Шымкентте және Батыс Қазақстан облысында халықтың табысы азайған.

Айта кетейік, 2021 жылғы ақпанда халықтың табысы 122,4 мың теңгені құрады — 2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11%-ға және 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,1%-ға артық.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.