23-04-21 |
1050 рет қаралған
«Болашақ» бағдарламасына үміткерлер іріктеледі.
«Болашақ» бағдарламасына үміткерлер іріктеледі

4 мамырда «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталады. Стипендия маусым, тамыз және қараша айларына тағайындалады.  Құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылған. 

Үміткерге жеке кабинетінде бірегей код беріліп, ол барлық конкурстық іріктеу барысында пайдаланылады. Жеке деректер бірегей сәйкестендіру жүйесінің көмегімен кодталған. Байқаудағы іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылды. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау кезеңдерін қамтиды. Конкурстық іріктеуді жүргізу процестерін автоматтандыру Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау тәжірибесі негізінде жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша осы жылға арналған басым мамандықтар тізбесі академиялық оқуға арналған 80 мамандықты және тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандықты көздейді. Тізімге «Инклюзивті білім беру», «Вирусология», «Урбанистика», «Жаңа материалдар технологиясы»сияқты өзекті мамандықтар енді. 

Биыл басым мамандықтар «Инновациялар және жаңа технологиялар», «Индустриялық инженерия», «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Білім беру», «Медицина» және «Креативті индустрия» сияқты бағыттар бар.

Бұл тізбе мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың өтінімдері негізінде, сондай-ақ елдің еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып әзірленді.

Ашықтық саясаты шеңберінде басым мамандықтар тізбесі арнайы комиссиямен қаралып, бекітілді. 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінген болатын. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура бағдарламалары бойынша бөлінген, ал 500 стипендия «ғалымдар» тағылымдамаларының жаңа санаты бойынша беріледі.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының саны 207 –ге жетті. 2020 жылы тізімдегі ЖОО саны 138 болатын. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.