Сот шешімімен жұмысқа кіруге рұқсат алған экс-министр Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігіне орала ма? Бүгінгі министрдің пікірі қандай?
БАҚ өкілдері денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың экс-министр Елжан Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне қайтадан жұмысқа алу туралы пікірін білді. Сұрақ тікелей эфирде қойылды. Сот шешімі бойынша экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат етілген.
«Экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сіз Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа аласыз ба?» – деп сұрады министрден журналистер.
Министр үйқамақтағы әріптесінің жеке мекемеде жұмыс істейтінін хабарлады.
«Қазіргі уақытта біз де Біртановқа қатысты жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді», – деп жауап берді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, 26 сәуірде Алексей Цойға коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы егілді.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024