28-04-21 |
1710 рет қаралған
«Спутник V»-ның «QazVac» вакцинасынан артықшылығы.
«Спутник V»-ның «QazVac» вакцинасынан артықшылығы

Қазақстандық сарапшылар «QazVac» және «Спутник V» вакциналарының айырмашылығы мен ұқсастығын айтты. Мамандар пікірінше, «Sputnik V» вакцинасының тиімділігі 91,6%  құрайды.

Сарапшылар ұсынған зерттеулерге сүйенсек, «Спутник V» адамға таныс аденовирус негізінде жасалған. Онда COVID-19 бөлшектері енгізіліп, вакцина алынды. Ал отандық «QazVac»-қа өлі коронавирустың негізінде әзірленді. Бұл айырмашылыққа қарамастан, екі вакцинаны алған адамдарда  даантиденелер пайда болады.

«Қазақстандық вакцина инактивацияланған вирустан жасалған. Яғни, олар вирусты өлтіреді. Вирус химиялық жолмен өлтіріліп, осы вирустан вакцина жасалады. Яғни, ол адам ағзасында антиденелер шығару үшін антиген ретінде де қолданылады. Яғни, егер ол өміршең болмаса, ол көбейе алмайды немесе ауру туғызбайды», – деді ҚР ДСМ ҚДСҰО сарапшысы, дәрігер-эпидемиолог Лена Қасабекова.

Екі вакцина да екі дозадан тұрады. Отандық вакцинаны екінші компонентін 21 күн аралықпен салады, ал ресейлік «Спутниктің» аралығын 60 күнге дейін ұзартуға болады.

«Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Sputnik V тиімділігі 91,6% құрайды. Қазақстандық вакцина – мұнда аралық есептер болды – сол есептер бойынша 95%. Қазақстандық вакцина, ол бір дозалы, яғни бір ампулада бір доза. Мұнда бес адам күтудің қажеті жоқ, вакцинаны ашты, салды – болды. Яғни, егер бір адам келсе, бір дозаны қолдануға болады», – деді Лена Қасабекова.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық вакцинаның қауіпсіз екенін растады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.