28-04-21 |
6110 рет қаралған
Алматылықтарға 10 күн бойы зират басына баруға рұқсат жоқ.
Алматылықтарға 10 күн бойы зират басына баруға рұқсат жоқ

Алматыда 1-10 мамыр аралығында зират басына баруға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Біз жаппай жиналатын орындарда шектеу енгізуге тырысып жатырмыз. Біз зираттарға адамдардың көп келетінін білеміз. Өткен жылы да шектеу өз нәтижесін берген болатын. Биылғы жылы жағдай қиынырақ, өйткені мутацияланған штамдар бар, үнді штамының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Қала тұрғындары ата-аналар күнін қолайлы кезеңге ауыстыру керек. Зираттар мамырдың 1-нен 10-на дейін жұмыс істемейді. Біз бұл күндері зираттарға келуді шектеу туралы шешім қабылдадық», – дейді Бекшин.

Жандарбек Бекшин 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда 2021 жылы аурудың күрт өсуі байқалғанын атап өтті.

«Жыл басынан 26 сәуірге дейін қалада коронавирустың 33230 жағдайы тіркелді. Өткен жылы жылы бұл көрсеткіш 18 500 болған. Яғни, бұл 1,8 есе артық. Өткен тәулікте 689 жағдай тіркелді», – дейді Бекшин. 

Осылайша қаланың бас санитарлық дәрігері Алматыдағы жағдай пессимистік болжам бойынша орындалып жатқанын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.