Банктің салымшыларын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, қазіргі таңда іске асырылып жатқан «Өз үйім» бағдарламасы аясында әкімдіктер мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ құнды қағаздарын сатып алу қарастырылған, деп хабарлайды arasha.kz банк өкіліне сілтеме жасап.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі Басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың төрағалық етуімен өткен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар Кеңесінің отырысында құнды қағаздар бойынша сыйақының ең төменгі мөлшерлемесі бекітілді.
Естеріңізге сала кетейік, банктің дағдарысқа қарсы «Өз үйім» бағдарламасы 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Бағдарлама 2022 жылға дейін арналған және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды.
«Өз үйім» бағдарламасы аясында үш бағыт қарастырылған: жергілікті атқарушы органдармен жұмыс, мемлекеттік жеке меншік әріптестік және екінші деңгейлі банктермен жұмыс. Бағдарлама аясындағы ұсынылатын тұрғын үйдің бағасы орта есеппен 1 шаршы метріне 180 мың теңгені құрайды. Жобаға ең бірінші болып қосылған өңірлердің қатарында Қызылорда мен Оңтүстік-Қазақстан облысы, Астана мен Алматы қалалары бар.
Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Директорлар кеңесінің отырысында Банктің 2014-2018 жылға арналған даму жоспары қарастырылып, 2017 жылға арналған бюджеті бекітілді
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024