29-04-21 |
1670 рет қаралған
Жамбылда аш сарбаздардың ботқаға ұқсас сорпа ішкені расталды.
Жамбылда аш сарбаздардың ботқаға ұқсас сорпа ішкені расталды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімше сарбаздары түсірген видео желіде қызу талқыға түсті. Аш жүргендерін айтқан борышын өтеушілер өздеріне берілетін тамақты көрсетті. Жағдайға Қорғаныс министрлігі жауап қатты.

Желіде сарбаздардың шағымы айтылған видео лезде таралды. Оларға тағам ретінде берілетін сорпасы ботқаға ұқсайды. Видеодағы мәліметке сүйенсек, тамақ бәріне жетпейді.

Видеода сарбаздар өздеріне берілетін шұжық пен ірімшіктің 17 адамға аз екенін айтады. Сорпаны әдетте табақтан қырып алып ішу керек. Сүт атымен жоқ. Оларға сүт беру тиісті емес деген жауап еститін сыңайлы. 

Алайда белгілі болғандай, бұл жазба екі жыл бұрын түсірілген болып шықты. Содан бері мекеменің тамақтану қалпы реттелген. Қорғаныс министрлігі мұндай қиындықтар әлі де болып тұратынын айтып өтті.  Сөздерінше, мұның бәрі әскери бөлімдерді тамақпен қамтамасыз ету конкурсында жеңіске жеткен жауапкершілігі жоқ ұйымдардың кесірі.

«Сапасыз қызмет көрсету жағдайлары орын алуда екені өкінішті. Әрбір факті бойынша іс жүргізіліп, тиісті талаптар қойылады. Аталған факті бойынша 2019 жылы тиісті жұмыстар уақтылы жүргізілді. Луговой гарнизонында тамақтану мәселесі шешілді», – дейді ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі Ғани Нүсіпов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.