29-04-21 |
1000 рет қаралған
Тәжік шекара әскері Қырғыз тарапын атқылап жатыр.
Тәжік шекара әскері Қырғыз тарапын атқылап жатыр

Қырғыз-Тәжік шекарасындағы жағдай ушығып тұр. Қырғыздың мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Тәжікстан жағы автоматпен, миномет, пулеметпен атқылап жатыр.

Қырғыз БАҚ-ның таратқан мәліметтеріне қарағанда, тоған дауынан шыққан жанжал барысында тәжік-қырғыз қос тарап бір-біріне тас лақтырып, аңшы мылтығын қолданған. Жараланғандар бар делінеді.

Көк-Таш тұрғындары президент Садыр Жапаров пен премьер-министрді ауылға келіп, мәселені шешуге шақырған.

Қырғызстанның Баткен облысы, Ақ-Сай ауыл аймағына қарасты Көк-Таш ауылы жанындағы «Головной» су тоғанындағы электр бағаналарына Тәжік тарапы бейнекамера орнатуды бастаған. Мәселе осыдан басталған. Тоған қырғыз жерінде тұрғандықтан ауыл тұрғындары Тәжік тарапының әрекетіне қарсы болған. Содан текетірес, жанжал шыққан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.