Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Қаулығы сәйкес 3 мамырдан бастап діни орындарда ашық аспан астында жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат етілді.
Мешіттерде, шіркеулер мен басқа да діни орындарда ұжымдық діни іс-шаралар маска режиміне және төрт метр әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып өтілуі тиіс.
Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының бірінші күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ел мұсылмандары жұма намазын асыға күтетіндігін айтты.
Содан кейін мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, мешіттер көп ұзамай құлшылық ету үшін ашатылатынын айтқан болатын.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024