Биылғы оқу жылының соңына дейін Қазақстан мектептеріндегі көше дәретханалары жойылуға тиіс. Бұл туралы білім министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
«Осы жылдың мамыр айының соңына дейін тапсырманы орындау мерзімі аяқталады: көшедегі санитариялық тораптар 100% жұмысын тоқтатуы керек, жылы дәретханалар болуға тиіс», – деді Аймағамбетов аппарат отырысында.
Қазақстан мектептеріндегі көше дәретханаларын жою жұмыстары 2019 жылы Таразда оқушы зорланғаннан кейін қолға алынды. 12 жастағы оқушысы мектеп аумағындағы көше дәретханасына барған кезде зорлық-зомбылыққа ұшырады.
Оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Трагедиялық жағдайдан кейін мектеп басшылығы мен қала шенеуніктері жазаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайды нағыз масқара деп атап, барлық мектепте 2020 жылдың соңына дейін оқушыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024