11-05-21 |
1600 рет қаралған
Қазанда мектепте атыс жасаған екі күдіктінің көзі жойылды.
Қазанда мектепте атыс жасаған екі күдіктінің көзі жойылды

Татарстан басшысы Минниханов Қазанда мектептегі атыстан бір мұғалім мен жеті бала көз жұмғанын мәлімдеді. Атыс кезінде жиырма адам жараланған.

РИА Новости Қазанда арнайы операция кезінде балаларға оқ жаудырған екі күдіктінің көзі жойылғанын хабарлады.

Татарстан президенті Рустам Минниханов атыс кезінде мұғалім және жеті бала қаза болғанын хабарлады.

«360» телеарнасының дереккөзі шабуыл сабақ кезінде басталғанын айтты. Балалар сигнал алған бойда жерге жатқан. Бірақ мектепте мылтық даусы естіліп тұрды. Оқушылар мен мұғалімдерді эвакуациялауға құтқарушылар мен ОМОН көмектесті.

БАҚ оқ жаудырғандардың бірі осы мектептің түлегі екенін хабарлады. Шабуылға дейін колледжде IT-мамандыққа оқыған. Оның әкесі ұлының ешқандай дінді ұстанбайтынын және арам пиғылы болмағанын айтты.

Татарстан президенті Рустам Минниханов атыс ұйымдастырғандардың бірі 19 жаста екенін мәлімдеді. Оның атына мылтық тіркелген.

Сондай-ақ 41 жастағы ер адам ұсталды. Оған күдіктілерге жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.