12-05-21 |
2670 рет қаралған
Судья Жолманова мен Бауыржан Байбекті не байланыстырады?.
Судья Жолманова мен Бауыржан Байбекті не байланыстырады?

Басы дауға қалған Медеу аудандық сотының судьясы  мен «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті не байланыстырады? Светлана Жолманованың ісіне қатысты  тағы да тың деректер шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Осыған дейін «парамен ұсталды» деп айыпталған Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова БАҚ өкілдерімен кездесіп, мәлімдеме жасады. Осылайша судья бостандықта екенін дәлелдеуге тырысты. Ол ҰҚК мен агенттік өкілдері қозғаған алаяқтыққа қатысты қылмыстық істе күдікті емес куәгер екенін және қамауда емес, үйінде жүргенін айтып сендірді.

Сондай-ақ, Жолманова өзінің Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайловпен және Медеу аудандық сотының төрағасы Әсет Боранбаевпен арада түсініспеушіліктер бар екенін жасырмады.

Баспасөз мәслихатында Жолманова судьялық қызметте жүргеніне қарамастан, өзінің кабинетінде не үшін тінту жүргізілгені туралы бір ауыз сөз айтпаған. Түсіндіруінше, «кабинеттен табылған ақша пара емес, жалақыдан жинаған өз ақшам» деп ақталды.

Желі қолданушылары тергеу жүріп жатқанда судьяның мұндай батыл қадамға баруын ықпалды адамдардан қолдау алды деп болжады.

«Алматылық құрылысшыларға қарсы жағымсыз шешімдер қабылдады деп айыпталған Жолманованың мұндай әрекеттері оның белгілі бір қолдау алғанын көрсетеді. Бұл қолдау оған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арқылы берілуі мүмкін. Себебі оның екінші әйелі Жанар Байбек – Жолманованың досы және бұрынғы сыныптасы»,- деп тарады Telegram каналдағы пікірлер.

Олар Жолмановаға баспасөз мәслихатын өткізіп, «медиа қолдау» ұйымдастырылуына Бауыржан Байбектің қатысы бар деп болжайды. Telegram каналдағы мәліметке сүйенсек, Жолманова мәлімдеме жасаған баспасөз мәслихатына Байбектің орынбасары Арман Қырықбаевтың тікелей қатысы бар.

Судья мәлімдемесіне қатысты Жоғары сот өкілі Елдос Жұмақсанов Facebook-тегі жеке парақшасында пікір білдірді. Онда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын еске түсірген. 2021 жылы 19 сәуірде Бас прокурордың қаулысымен судья С.Жолмановаға қатысты сотқа дейінгі тергеудің жалғасқаны айтылған.

«Осы қаулы негізінде 2021 жылы 28 сәуірде Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен оның өкілеттіктері тоқтатылды. Қалған сұрақтардың барлығы тергеу жұмысына қатысты. Тергеу жүргізетін уәкілетті органға хабарласуыңызды сұраймыз»,-деді Елдос Жұмақсанов.

Алайда даулы іске қатысты тергеуде жауап беріп жатқан судья Светлана Жолманованың қорғаушысы Жоғары сот өкілінің мәлімдемесі негізсіз деп атады. Заңгер пікірін Жанна Меркушева судья күдіктіге жатпайды деп түсіндірді.

«Алайда судья күдікті емес, куәгер, оған қатысты қылмыстық іс жоқ. Судья қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда ғана өкілеттіктер тоқтатыла тұрады»,-дейді Меркушева.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.