12-05-21 |
1390 рет қаралған
Еліміздің кейбір аймағында үсік жүреді.
Еліміздің кейбір аймағында үсік жүреді

Қазақстанда  2021 жылдың 13-15 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Синоптиктер кейбір аймақтарда жер қатып, үсік жүретінін болжады.  

«13 мамырда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады, шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысын қоспағанда, Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

15 мамырда елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүретіндіктен, топырақ беті қатуы мүмкін.

Республиканың жекелеген облыстарында жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін», – дейді синоптиктер. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.