Qaznews24 тобының авторы Темірлан Еңсебектің ұсталуы қоғамның наразылығын тудырды. Журналистер мен «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының өкілдері азаматтың құқығы шектелгенін айтты. Өйткені Қазақстанда сөз бостандығы мен шығармашылық бостандыққа шектеу қойылмаған. Сатиралық жазбаларымен танылған желі белсендісі не үшін ұсталды? Бұл туралы Arasha.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Инфомрбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
25 жастағы Qaznews24 тобының авторы Темірлан Еңсебектің ұсталғаны туралы демалыс күндері белгілі болған еді. Оның үйінде тінту жұмыстары жүргізіліп, екі телефон мен ноутбук тәркіленген. Полиция желі қолданушысының жалған ақпарат таратты деп айыптап, бес сағат бойы қамауда ұстаған.
Қазір танымал желідегі топ бұғатталған. Десек те «Әділ сөз» қорының өкілдері заң бойынша қалжыңға тыйым салынбағанын алға тартты. Конституцияға сүйенсек, сатира қолдану арқылы шығармашылықпен айналысуға рұқсат берілген. Ал жалған ақпарат тарату бөлек бап бойынша қылмыс ретінде қаралады.
«Бұл – шығармашылықтың бір түрі. Әдеби тәсілдер қолданылған публицистика. Жалған ақпарат нұқсан келтіру мақсатында таратылады. Яғни, іріткі салу, қоғамда үрей туғызу т.с.с. Ал осы мақсатта жалған мәлімет жариялау қылмыс ретінде қаралады», – дейді «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева.
Facebook желісінде көптеген сатиралық жазбалардың авторы Мұрат Телібеков сатрианың негізгі мақсаты – қоғамның көңілін көтеру, жастарды тәрбиелеу және билікке халық үнін жеткізу дейді.
«Егер қарапайым тілмен жазатын болсаң, оны ешкім оқымайды. Ал ирония, сатира қолдансақ, бұл халыққа жағады. Әрине, шенеуніктерге мазаққа қалған ұнамайды. Десек те сол арқылы біздің мақсатымыз орындалады. Өйткені қылмыстың, қағазбастылықтың, жемқорлықтың бетін ашатын негізгі дүние – сатира, күлкі мен қалжың», – дейді Мұрат Телібеков.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024