18-05-21 |
1530 рет қаралған
Шөкеев орынбасарының істі болғаны рас па?.
Шөкеев орынбасарының істі болғаны рас па?

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деген ақпарат еліміздегі бірнеше телеграм-каналдар арқылы тарап кетті.

Желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, әкімнің орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша іс қозғалған. Сонымен қатар, Түркістан облыстық әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр деген ақпарат тарады.

Ресми органдар бұл туралы ақпарат таратуға әзірге асығар емес. Ішкі істер министрлігі тек елорда мен өңірлерде лауазымды тұлғаларға қатысты басталған тергеу жүріп жатқанын растады.

«Шынымен де Нұр-Сұлтан бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Қостанай және Жамбыл облыстары полиция департаменттері тергеу бөлімшелерінің орта буын басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл фактілер туралы толық ақпарат қазіргі таңда тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді»,- деп мәлімдеді ІІМ-ден.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.