Атырау облысының меценаттары алдағы жылдары 25 мешіт салуды жоспарлап отыр.
«Ақ жайық» газетінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданында (Жангелдин, Жантерек, Қарабау, Жасқайрат, Қонысу, Жамансор, Тасшағыл, Қаракөл ауылдарында) 8 мешіт, Құрманғазы ауданында (Құрманғазы, Алакөл, Шортанбай, Сафон ауылдары) – 4, Індерлі ауданында (Бөдене, Өрлік, Ертай ауылдары) – 3, Махамбет ауданында (Алға, Ортақшыл ауылдары) – 2 мешіт салынбақ.
Әлеуметтік желідегілер жоба демеушілерін сынға алды. Желідегілер мешіттің орнына білім беру мекемелері мен спорттық үйірмелер салуға кеңес берді.
“Атырауда 7 мешіт бар. Бұл 2018 жылға арналған ақпарат, одан кейін тағы да салынуы мүмкін. Облыста 31 мешіт бар. Тағы да 25 мешіт салу жоспарланып отыр. Сонда әрбір 117 мың тұрғынға бір мешіттен. Оған қоса, үш ауысымда оқитын 12 мектеп бар. Жыл сайын балалар саны артып келеді. Бүгінгі таңда кем дегенде 20 мектеп қажет”, – деп жазды журналист Гүлбану Әбенова.
“Аналар балабақша салуды сұрап зар еңіреп отыр. Музыка мектептері, балаларға арналған стадиондар жеткіліксіз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтары жоқ. Елімізде не болып жатыр?” – дейді “Немолчи.кз” қозғалысының басшысы Дина Смаилова.
Белсенділердің сөзінше мешіттер демеушілердің жеке бастамасымен солардың өз қаражаттарына салынуда.
«Бұл мемлекет қаржысына емес, демеушілердің қаражатына салынып жатыр ғой. Не себепті мәселе туындап отыр? Түркияда өте көп мешіт бар. Бірақ олар жаман бола қойған жоқ. Ислам мәдениетті үйретеді, халықтың көпшілігінде жоқ адамгершілік құндылықтарды насихаттайды», – дейді әлеуметтік желілердегі қолданушылар.
«Өз ақшаларына салып отырғандықтан, оларды мешіт емес, мектеп салуға мәжбүрлеу мүмкін емес. Оған қоса, мектеп пен аурухана салып қою жеткіліксіз. Мекемелер мұғалімдермен және медициналық персоналмен қамтамасыз етілуі керек. Мұның өзі үлкен мәселе екенін ескерген жөн», – делінген түсіндірмеде.
2020 жылы пандемияға қарамастан, елімізде 7 мешіт салынған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 36 миллион 650 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда қазақстанда 2 690 мешіт бар. Салыстырмалы түрде елімізде православие шіркеулері (302) мен католик шіркеуі (108) әлдеқайда аз. Биыл 200 жаңа орта мектеп салу жоспарланып отыр.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024