26-05-21 |
1120 рет қаралған
Соңғы қоңырау күні елімізде екі түлек суға батып кетті.
Соңғы қоңырау күні елімізде екі түлек суға батып кетті

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай қаласында оқу жылының соңғы қоңырауы соғылған күні болған.

Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, Қостанайда мектептегі салтанатты сап түзеуден кейін 2005 жылы туған жасөспірім достарымен бірге Тарелочка көліне шомылуға барған.

«Олар шомылған жердің суы таяз болған. Бірақ суға батқан бала әрірек жүзіп, сүңгіп кеткен. Мәйітті тапқан біздің сүңгуірлердің айтуынша, суайдынның тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Өлімнің себебі сараптамадан кейін белгілі болады», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев.

Өткен жылы Қостанай облысында 21 адам суға батып кетті, оның ішінде төрт бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында да қайғылы оқиға болды. Мектеп түлегі тыйым салынған жерде шомылған. Сағат 19.24-те жергілікті тұрғындар оның денесін судан алып шықты. Жас жігіттің атасына қонаққа келгені белгілі болды, ол құрдастарымен бірге суайдында демалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.