26-05-21 |
1390 рет қаралған
Елімізде жұмыссыз жүргендер саны екі есеге артты.
Елімізде жұмыссыз жүргендер саны екі есеге артты

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыз халықтың саны 451,3 мың адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі пайызға көп. Жұмыссыздық деңгейі бір жылда 4,8-ден 4,9 пайызға дейін өсті.

Ең «жұмыссыз» аймақтар: Алматы, Түркістан облысы және Шымкент.

«Қазақстан өңірлері арасында 2021 жылдың бірінші тоқсанында халықтың жұмыссыздық деңгейі Қарағанды ​​облысында 4,5 пайыздан Түркістан облысында және Алматыда 5,2 пайызға дейін өзгерді. Түркістан облысында жұмыссыз халықтың саны 2,3 пайызға, 42,6 мың адамға дейін, Алматыда — 3,4 пайызға, 53,2 мың адамға дейін өсті», – деп жазады Finprom-да сарапшылар.

Бұл ретте әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: 5,4 пайыз. Ал ерлердің 4,4 пайыз жұмыс істемейді.

Ал қалалық және ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі теңесті. Бұл ретте, егер қалалық жерлерде көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өзгермесе, онда ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі өсті.

Айта ктейік, 2020 жылдың екінші және үшінші тоқсандарында жұмыссыздық деңгейі тіпті 5 пайызға дейін өсіп, жұмыссыздар саны 454 мыңнан 455 мыңға дейін жеткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.