28-05-21 |
1120 рет қаралған
Еліміздегі жұмыссыздардың дені басшылық қызметті сұрайды.
Еліміздегі жұмыссыздардың дені басшылық қызметті сұрайды

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жұмыссыз қазақстандықтар арасында зерттеу жүргізді. Зерттеу Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер арасында өтті. Нәтижесінде халықтың жартысынан көбі басшы болғылары келетіні анықталған.

«Психологиялық консультациялар өткізіліп, мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген адамдардың 58%-ы – әйелдер, олардың 5% -ы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары екенін көрсетті. Жұмыссыздардың шамамен 6% -ында депрессиялық көріністер бар. Бұл адамдар тобына жұмыс іздеу оңай емес. 56% -ы басшылық лауазымдарында жұмыс істегісі келеді, тек 14%-ы ғана физикалық еңбекке бейім, – деді Ұлттық палата төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің дөңгелек үстелі барысында.

Қазақстандықтардың қалауына қарамастан, зерттеу нәтижесі бойынша еңбек нарығына әлі де жұмысшы кадрлар қажет екені анықталды. Колледж түлектері немесе еш жерде оқымаған, бірақ қандай да бір еңбек дағдылары бар адамдар қажет екенін көрсетті.

«Біз шамамен 25 мың бизнес субъектіден сауалнама жүргізіп, олардың жұмысшыларға қажеттілігін анықтадық. Тек 10,5 мыңында, бұл 41%, қажеттілік бар. Шамамен 79% кәсіп иесі бұл жұмысшы біліктілігі, – дейді ол.

Айтуынша, пандемия кезінде университеттерді бітірген жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығындағы қиын жағдайға тап болды. Олардың жұмысқа орналасу деңгейі небәрі 71%-ды құрайды. Бұл төмен көрсеткіш, себебі өткен жылы бұл көрсеткіш 74%-ды құраған

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.