30-05-21 |
1180 рет қаралған
Шарындағы сел: Экскурсия кезінде мұғалім мен бір оқушы көз жұмды.
Шарындағы сел: Экскурсия кезінде мұғалім мен бір оқушы көз жұмды

Шарын шатқалына экскурсияға барған №199 Алматы гимназиясының мұғалімі мен оқушысы көз жұмды.

«Мәліметтерге сүйенсек, экскурсияға барғандардың арасында 8 оқушы болған. Олар Алматы қаласының №199 гимназиясының оқушылары. Оларды бес оқушының ата-анасы және үш мұғалім ертіп жүрді. Оқиға салдарынан оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қаза тапты. Мерт болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік ата-аналардан балалармен демалуға, экскурсияға барғанда мүмкіндігінше абай болуды сұрайды. Сондай-ақ, су қоймаларына түспеу, қауіпті жерлерге бармау, әрқашан балалардың жанында болуға шақырды.

Айта кетейік, экскурсия кезінде із түссіз жоғалып кеткен оқушы табылды. Жасөспірім ауруханада ем алып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.