07-10-18 |
1830 рет қаралған
Алматыдан 760 шақырым қашықта жер сілкінді.
Қазанның 7-сі күні Астана уақытымен таңертеңгі сағат 7:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 760 шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасы аймағында, жердің 45 километр терең қабатында болды. Зілзала қуаты 4,4 магнитуданы құраған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.