14-06-21 |
1580 рет қаралған
Президенттің маңызды бағасын алған Қариннің көңілі тоқ.
Президенттің маңызды бағасын алған Қариннің көңілі тоқ

Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі екі жылда неге қол жеткізді, кеңеске тек таңдаулылар мүше бола алатыны рас па, президенттің Ұлттық кеңес жайлы ойы қандай – Sputnik Қазақстан қойған осы сұрақтарға Тоқаевтың көмекшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин жауап берді.

«Ұлттық кеңес құрамын қалыптастыру мәселесімен айналысқан кезде пікірталастар болды. Біз түрлі форматты, дауыс беру әдістерін де талқыладық. Мен қатаң талаптарды бекітуден бас тарттым.

Біз екі мәселені басшылыққа алдық: біріншіден, бұл жай ғана танымал адам емес, расында да белсенді қоғам қайраткерлері болуы керек. Бізде белгілі бір мәселе туындағанда ғана бас көтеретін белсенділер бар. Ол тақырып төңірегіндегі шу басылса, олар басқа мәселеге ауысады. Бізге мұндай тұрақсыз «батырлар» қажет емес.

Екіншіден, біз сарапшылық мәнге көңіл аудардық. Яғни сарапшының көпжылдық тәжірибесі болуы, кез келген мәселе бойынша емін-еркін талдау жүргізе алуы маңызды болды.
Мен ҰҚСК жұмысын ресмилендіргім келмейді. Біз оның құрамы, квота, қатынасы бойынша қандай да бір механизмдер енгізсек, ол мемлекеттік құрылымның көшірмесіне айналады. Оның қызу пікірталас алаңы қалпында қалғаны дұрыс. Бізде ротация үнемі жүреді. Бұл ҰҚСК-ке жаңа идеялары бар басқа да әріптестеріміз кіруі үшін қажет»,- деді ол.

Тоқаевтың көмекшісі Ұлттық қоғамдық сенімнің негізгі міндеті – тұрақтылық деп сендірді.

«Ұлттық кеңес – бұл жалған пікірталастарға арналған ток-шоу емес. Біз үшін шынайы талқылаулар, нақты шешімдер маңызды. Ұлттық кеңес қоғамдағы модернизацияланған күн тәртібіне қолдау көрсетіп, оның тұрақты сақталуын қамтамасыз етіп келеді»,-деді Қарин.

Ұлттық кеңес хатшысының мәліметінше, бүгінде ҰҚСК құрамында 46 адам бар.

«Осы жылдың ақпанында өткен бесінші отырыста президент Ұлттық кеңес диалог алаңынан жаңа реформалар ұсынатын қоғамдық платформаға айналғанын айтты. Менің ойымша, бұл ҰҚСК тиімділігіне берілген ең маңызды баға»,-деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.