15-06-21 |
1330 рет қаралған
Сот Мамайға халық алдында Байбекке жала жапқанын мойындауды міндеттеді.
Сот  Мамайға халық алдында Байбекке жала жапқанын мойындауды міндеттеді

Сот Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инге Иманбаеваға қарсы шағымы бойынша шешім шығарды.

Алматы қаласы Әуезов ауданының 2-аудандық соты «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қарсы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. Сот ісінде Байбек оның ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін айтып шағымданған.

Сот жауапкер Бауыржан Байбек туралы талапкердің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, жалған ақпарат таратқанын мойындады. Сот жауапкерлерге шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған материалдарды жоққа шығаруды және алып тастауды міндеттеді.

«Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева әлеуметтік желілерде берілген ақпараттың рас екенін дәлелдеген жоқ, талаптың бірнеше тармағында өз ұстанымдарын дәлелдеу үшін олар тек әлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға сілтемелер берді. Жауапкерлер таратқан барлық ақпарат ешқандай дәлелдемелермен расталмайды, негізсіз деп табылды», – делінген соттың ресми хабарламасында.

Еске салайық, белсенді Жанболат Мамай Байбек Алматы қаласының әкімі болып тұрған кезде «Қазақфильм» киностудиясындағы, Атакенттегі, Көкжайлаудағы, Esentai city тұрғын үй кешені орналасқан аумақтағы жер телімдерін жекеменшігіне алғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар оған автобустар сатып алуда пара алды, көмір мафиясын «қанатының астына алып», Алматыдағы ТЭЦ-2-ні газға көшіруге тосқауыл қойды деген айып тақты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.