27-06-21 |
1550 рет қаралған
Қазақстанда вакцина төлқұжаты желіде саудаланып жатыр.
Қазақстанда вакцина төлқұжаты желіде саудаланып жатыр

Әлеуметтік желілер вакцинация төлқұжаттарын сату туралы хабарландыруларға толды. eGOV  интеграциясымен “Ashyq” қосымшасында жасыл түске қол жеткізу үшін рубль және биткоиндермен сауда жасау керек. Бағалар әртүрлі, тіпті жеңілдіктер де бар. Полиция жарнамадағы вакцина паспортына қатысты ескерту жасады.

Саудагерлер, тіпті клиенттердің көптігіне байланысты барлық өтініштерді өңдеуге үлгермей жатқандарын мәлімдеді. Бағалар – 30-дан 40 мың теңгеге дейін, бірақ төлем рубльмен және биткоиндермен қабылданады. Өйткені деректерді eGOV-қа енгізу қажет. Бұл ретте 50% алдын ала төлем мен барлық құжаттардың көшірмесін сұрайды. Бұл туралы информ бюро хабарлайды. 

Полиция олардың алаяқтар екенін ескертеді. Олар ақша жымқырып, құжаттарыңызға несие рәсімдейді. Полиция оларды бақылау мүмкін емес екенін айтады.

“Жалған вакцинация төлқұжаттарын өткізген жағдайда, адамдарға ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі адамдар екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін. Жалған құжатты пайдаланғаны үшін осы баптың үшінші бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, оны жасағаны үшін кінәлі 40 тәулікке дейін қамауға алынады”, – деді ШҚО ПД анықтау басқармасының бөлім басшысы Шәміл Жанлосанова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.