28-06-21 |
1300 рет қаралған
Алакөлде халықаралық әуе қатынасы іске қосылады.
Алакөлде халықаралық әуе қатынасы іске қосылады

Ұшу-қону жолағын жаңартқаннан кейін Үржар әуежайы орта қашықтықтағы ұшақтарды, соның ішінде жақын шетелдерден келетіндерді қабылдай алады.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында өңір басшысы Даниал Ахметов айтты.

Әкім өз сөзінде, ШҚО табиғи және мәдени көрікті жерлер, сондай-ақ6 белсенді және сауықтыру демалысы ретінде орындар саны бойынша алдыңғы қатардағы облыстардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан өңірдегі туризмді дамыту мәселесі әруақытта ең маңызды мәселелердің бірі.

«Біздің облыстың інжу-маржаны – Алакөл. Мұнда су түбін тазарту жұмыстары жүргізілді, құтқарушылар мен полиция кезекшілік жасап жатыр. Осы маусымда бірегей көлде 163 қонақ үй мен демалыс базасы жұмыс істейді, оның 94-і «Ashyq» жүйесімен қызмет атқарады. 900 қызметкердің 80%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды. Біз Алакөлді COVID-19-дан таза аймаққа айналдырғымыз келеді. 2020 жылы жағалауда бірде-бір науқас тіркелмегенін еске салғым келеді», – деді Даниал Ахметов.

Өңір әкімі 17 маусымнан бастап Алматы, Нұр-сұлтан, Семей және Өскеменнен Алакөлге дейін қосымша пойыздар жүретінін, бұл ретте вагондар саны 61-ге дейін артқанын хабарлады. Сондай-ақ, автобустар саны екі есеге көбейген.

Әуежайдың ұшу-қону жолағының ұзындығы екі шақырымнан асады. Осылайша, Үржар ауылы Embraer типті үлкен ұшақтарды да қабылдай алатын болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.