28-06-21 |
1860 рет қаралған
Қостанайдағы жантүршігерлік жол апатынан үш бала қаза болды.
Қостанайдағы жантүршігерлік жол апатынан үш бала қаза болды

Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш бала көз жұмды, тағы екі ересек жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиға сенбі күні Қостанай – Қарабұтақ тас жолында орын алған. 36 жастағы Renault Sandera көлігінің жүргізушісі жолдағы жүк көлігін озбақшы болып, қарсы бетке шыққанда Lexus көлігімен соқтығысқан. 

Жол апаты нәтижесінде Renault көлігінде отырған үш кәмелет жасына толмаған бала көз жұмды. Бұған қоса, көлік жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған. 

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша «Жол ережелерін бұзу бабы бойынша» қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша кінәлі деп табылған азамат бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.