01-07-21 |
1960 рет қаралған
Назарбаев Путинге: Бірақ сізбен кездесу қажет болды.
Назарбаев  Путинге: Бірақ сізбен кездесу қажет болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті.

«Біздің байланысымыздың тарихы, яғни  Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – тұрақты әрі мемлекетаралық қатынастың үлгісі болып саналады. Мен бұдан былай да осы бағытты ұстана беремін», – деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентіне пандемия кезінде Қазақстанға көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, Қарағанды фармацевтикалық зауытында ресейлік вакцина шығару аясындағы тиімді әріптестіктің жайына тоқталды.

Владимир Путин коронавирус пандемиясының теріс әсеріне қарамастан екіжақты байланыс оң қарқын алып отырғанын атап өтті. 

«Сіздің арқаңызда Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. Пандемия салдарынан тауар айналымы 4 немесе 5 пайыз төмендегеніне қарамастан, биылғы жылдың алғашқы жартысында 20 пайызға жуық өсім байқалып отыр. Бұл өзге бағыттар бойынша да біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы дамитынын көрсетеді», – деді Владимир Путин.

 

Бұған қоса, Ресей президенті Назарбаевпен көптен бері кездесе алмай жүргенін айтты. 

«Сіздің жұмысыңызды жыл сайын қыза түсуде. Мен Сочиге келуім керек еді, бірақ ол жаққа бірде Қырғызстан, бірде Тәжікстан, одан кейін Беларусь президенттері сапарлатып жүр. «Мен енді президент емеспін ғой, кезекке тұрмай-ақ қояйын» деп ойладым. Бірақ сізбен кездесу қажет болды», – деп жауап қайырды Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев пандемия кезінде Ресейдің Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. 

«Пандемия кезінде Ресей тарапы Қазақстанға барынша көмек беріп, вакциналармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еткені үшін шын жүректен алғыс айтқым келді. Есіңізде ме, біз Санкт-Петербургтегі көрмеге барған кезде бірлескен өндіріс туралы келіскен едік. Енді міне Қарағандыда бұл кәсіпорын көп мөлшерде ресейлік сапалы вакцинаны шығарады», – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы коронавирус жұқтырған кезде өзін ресейлік дәрігерлер емдеп алғанын сөз етті. 

«Сырқаттанып қалған кезде ресейлік дәрігерлер тобының 10 күн бойы мені емдегенін ешқашан ұмытпаймын», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.