16-07-21 |
1490 рет қаралған
Қазақстанға Pfizer вакцинасы күзде жеткізіледі.
Қазақстанға Pfizer вакцинасы күзде жеткізіледі

ҚР денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізді.

 

ҚР денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды.

«2021 жыл наурыздан бастап «Pfizer» компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер рәсімдері басталды. Министрлік пен «Pfizer» компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды», – деп атап өтті ведомствода.

Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша «Pfizer» компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізуде, оның ішінде Қазақстан Республикасы үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілді.

Еске салсақ, президент үкімет отырысында Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді ету керектігі туралы тапсырма берген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.