Дональд Трамп Никки Хейлидің БҰҰ-дағы қызметіне алғыс білдіріп, оны президент әкімшілігіне қайта оралады деген үмітін жеткізді. АҚШ президенті сонымен қатар жаңа елшінің есімін алдағы апталарда жариялайтынын хабарлады.
Трамп Хейлиді БҰҰ-дағы елші қызметіне 2016 жылы қарашада ұсынған. 46 жастағы Никки Хейли – Үндістаннан келген мигрант отбасынан шыққан. Республикашыл партиядағы дауыс беруде Оңтүстік Каролина штатының губернаторы болып тұрған Хейли Трамптың мигранттарға қатысты айтқан сөзін сынаған еді. Ол алғашқы дауыс беруде Трамптың қарсыластарын қолдағанымен, кейін Трампқа дауыс беретінін жария еткен.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024