10-10-18 |
2100 рет қаралған
Түркістан облысында «баланы зорлап, өлтірген» күдікті қамауға алынды.
Түркістан облысының Ордабасы ауданында 3 жастағы қызды зорлап, өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қазанның 10-ы күні Азаттыққа Ордабасы аудандық сотының тергеу судьясы Алтай Қалықұл хабарлады.

Алтай Қалықұлдың айтуынша, қазанның 8-і күні Түркістан облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының тергеушісі 40 жастағы күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 120-бабы («зорлау») және 99-бабымен («адам өлтіру») қылмыстық іс қозғаған. Күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы санкция берілді.

– Күдікті мас күйде үш жастағы өз қызын зорлап, бірнеше жерінен пышақпен ұрып өлтірген, – деді тергеу судьясы.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.