28-07-21 |
2150 рет қаралған
«30 адамға жұмыс тауып беріңдер»: Тазалық жүргізген атыраулық шенеуніктер ұятқа қалды.
«30 адамға жұмыс тауып беріңдер»:  Тазалық жүргізген атыраулық шенеуніктер ұятқа қалды

Атырауда жұмыс орнын тазалауды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен байланыстырған шенеуніктердің әрекеті желіде күлкіге қалды.

 

Желіде мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің жұмыс орындарын тазалап жатқан суреттері тарап кетті. Халық бұл суреттерді қызу талқыға салған болатын.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің әлеуметтік желісінде талқыға түскен «Жалпы тазалау апталығы акциясына» қатысты қала әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Олар «Қайрымды істер» марафоны шеңберінде көптеген игі іс жасау қолға алынғанын айтты. Соның бірі — айналаңды, ғимаратыңды, жұмыс орыныңды таза ұстау акциясы.

“​Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралар жоспары жасақталып, соған сәйкес қала аумағында жалпы тазалық жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Жоспар бойынша 1 күн мекемелер ғимараттарын, жұмыс орындарын тазалау жұмыстарына арналған болатын. ​Осыған орай, қала әкімдігіне қарасты барлық мекемелер аталған акция аясында өз ғимараттарында, оның ішінде, қызметкерлер отыратын бөлмелерде жалпы тазалық жұмыстарын жүргізді. ​Алайда Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі акцияның деңгейіне мән бермей ұсақ форматта өткізіп, әлеуметтік желіге жариялаған”, – деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.