28-07-21 |
2170 рет қаралған
Мамин Шымбұлақтың тағдырна неге алаңсыз.
Мамин Шымбұлақтың тағдырна неге алаңсыз

Алматы сотында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының  жер дауы қаралды. Іле-Алатау ұлттық паркі мегаполис әкімдігі мен шаңғы базасының үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл ретте әкім Бақытжан Сағынтаев бұған дейін премьер-министрге Шымбұлақ жерлерін ерекше қорғалатын аумақ санатынан шығару туралы өтінішпен жүгінген болатын. Сонымен, шенеуніктер мың бояулы өлкеге қандай жоспар құрып отыр?!

«Шымбұлақ» ел аумағынан тыс жерлерде кең танымал және қаланың айрықша белгісі болып табылады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер-министр Асқар Маминге жолдауында тау шаңғысы курортының жер учаскелерін Экология министрлігі жанындағы комиссияның қарауына беру туралы мәселені шешуді сұраған. Енді Іле-Алатау саябағының апелляциялық шағымы Алматыдағы бірінші сатылы сотта қаралуда. 

Бастапқыда ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын жер Іле-Алатау ұлттық паркіне тиесілі болған. 2002 жылы Президенттің жарлығы негізінде Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандарының жерлерінің бір бөлігі Алматы қаласының аумағына берілді. 2007 жылы мегаполис әкімдігі спорт кешенін пайдалану және күтіп-ұстау үшін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына 49 жылға алты гектарға жуық аумақ берді. Ұлттық саябақ бұл туралы жерге орналастыру жобасын жасап, мемлекеттік сертификат алған 2018 жылы ғана білген. Енді қалалық әкімдік пен Іле-Алатау ұлттық паркі алты гектарға жуық жердің иесі кім екенін сот арқылы анықтауға тырысуда.

«Олар президент жарлығына, ал біз үкімет қаулысына иек артып сөйлейміз. Ерекше қорғалатын жерлерге билік ету құқығы тек үкіметтің құзыретіне жатады. Егер жерлер берілмеген болса, жергілікті атқарушы орган оларға билік ете алмайды. Менің ойымша, бұл Алматы қаласы әкімдігі тарапынан дұрыс түсіндірілмеген жер қатынастары бөлімінің қателігі» , – дейді Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің заңгері Сұлтан Қожанов.

Алматы әкімдігінің қызметкерлері бұл жағдай туризмді дамытуға көмектесетініне сенімді. Алайда «Жасыл жәрдем» экологиялық коғамының төрағасы Сергей Курпатов басты мәселе туризмді дамытуда ғана емес жасыл табиғат пен жануарларды құтқару да алдыңғы қатарда болуы керек деп санайды.

«Жасыл жәрдем» экологиялық коғамының төрағасы Сергей Курпатовтың айтуынша онда қаланы таза сумен және ауамен, демалыс ресурстарымен қамтамасыз ететін ормандар, өзендер, шөптер, гүлдер болуы керек. 

«Әкімдік, өкінішке орай, бұл аумақты тек белгілі бір кіріс, пайда алуға, курорт салуға немесе басқа нәрсеге қол жеткізуге болатын нысан ретінде қарастырып отыр. Біз ұлттық парктің қоршаған ортаны тұрақтандыру үшін, қала үшін маңыздылығын әкімдік тарапынан түсінбеушіліктен туындайды деп ойлаймыз» ,-дейді Сергей.

Іле-Алатау ұлттық паркі соттан мемлекеттік куәліктің күшін жоюды талап етеді. Келесі сот отырысы 6 тамызда өтеді. Және сол күні сот өз шешімін шығарады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.