Биыл бес айдың ішінде Қазақстаннан 9 862 адам шетелге көшіп кеткен. Елге келгендер саны – небәрі 3 662 адам. Өзге елге аттанған жастардың бәрі Қазақстанда жалақы мөлшері аз екенін алға тартады.
Aibat_kz журналистері шетел асқан қазақстандықтардан көшу себебін және нені қатты сағынатынын сұрады.
Милана Литвинованың Канадада тұрып жатқанына бес жыл болды. Айтуынша, Қазақстандағы жалақы деңгейі оның көңілінен шықпаған.
«Қазақстан мен Канададағы табыстың деңгейі аспан мен жердей. Менің мақсаттарым жоғары, сол себепті Қазақстанда мен істейтін дәнеме жоқ. Мен қалайтын табысты Қазақстанда табу мүмкін емес»,- деп түсіндірді ол.
Ол Канадада қиын жағдайға тап болсаң, мемлекет бірден қаржылай қолдау көрсететінін атап өтті.
Бойжеткен Қазақстан қазіргі проблемаларды шешуге көбірек назар аударғанын қалайтынын айтты.
Ал соңғы бес жылда Оңтүстік Кореяда тұрып жатқан Жанерке Бегалы да елден жалақының төмендігіне байланысты кеткен.
«Бұл жерде орташа жалақы 1 800 доллар шамасында. Бұл ең төмені. Ал ең көбі 10 мың доллардан асады», – деді қыз.
Ангелина Ларина Чехияда алты жыл тұрады. Айтуынша, Қазақстанмен салыстырғанда мұнда жұмыссыздық деңгейі өте төмен.
«Бұл жерде ешкім сені төмендетпейді. Мәселен, даяшы болып істесең, «фу, официант» деп айтпайды. Өйткені жақсы даяшының ақшасы да жақсы», -деді ол.
Сондай-ақ Ларина Еуропада өзін қауіпсіз сезінетінін айтты.
«Қазақстанда өзімді олай сезінбеп едім. Мұның немен байланысты екенін білмеймін. Бәлкім, менталитетке байланысты шығар»,- деді қыз.
Десе де Ларина Қазақстанды қатты сағынғанын жасырмады.
Азат Шаймердинов Польшаға бір ай бұрын ғана көшкен.
«Жеміс-көкөнісі өте дәмді, ол жағынан проблема жоқ. Бірақ ет аздау. Мен нағыз қазақ сияқты етті жақсы көремін. Ал бұл жерде жылқы етін таба алмайсың, тапсаң да, өте қымбат тұрады», – дейді қазақ жігіті.
Григорий Мелкунов Израильде бес жыл тұрады. Жас жігіт медициналық көмектің артықшылығын атады.
«Өзіңе ыңғайлы уақытта дәрігерге кезекке тұру, анализ тапсыру өте оңай. Егер дәрігер дәрі жазып, сол қағазбен дәріханаға барсаң, саған 70 процент жеңілдік дасайды. Дәріні тиын-тебенге сатып аласың», -дейді ол.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024