02-08-21 |
1420 рет қаралған
Қымбатшылықтан қиналған мұнайшылар Тоқаевтан көмек сұрады.
Қымбатшылықтан қиналған мұнайшылар Тоқаевтан көмек сұрады

Маңғыстаулық мұнайшылар жалақыны 70 пайызға көтеруді талап етіп, президенттен көмек сұрады, деп жазады lada.kz сайты.

«Емир Ойл» ЖШС жұмысшыларының президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған бейнеүндеуі жарияланды.

Олардың айтуынша, қымбатшылықтан тұрмыстық жағдай төмендеген. Сондықтан 1 шілдеде мекеме басшылығына және облыстық әкімшілікке хат жолдап, жалақыны 70 процентке көтеруді талап етіпті.

«Мекеме басшылығы жалақымызды тек 10 пайызға өсіре аламыз деп жауап берді. Алайда 10 процент біздің тұрмыстық жағдайымызды көтеруге жеткіліксіз. Облыс басшылығынан жауап жоқ. Осыған орай еңбекақымыздың 70 пайызға өсуі мен еңбек жағдайымыздың жақсаруына өзіңіз ықпал етіп, оң шешімін табасыз деп сенеміз», – деді олар үндеуде. 

Айта кетері, 2019 жылы «Емир Ойл» ЖШС жұмысшыларының талабынан кейін олардың жалақысы 10 процентке көтерілген болатын. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.