02-08-21 |
1620 рет қаралған
Қырғыздың экс-президенті Асқар Ақаев тергеу алынды.
Қырғыздың экс-президенті Асқар Ақаев тергеу алынды

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Мәскеуден Бішкекке ұшып келген бұрынғы президент Асқар Ақаевты комитетке жеткізгенін хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Ақаевқа «Құмтөр» алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында іздеу жарияланған.

«ҰҚМК қабылдаған шараның нәтижесінде бұрынғы президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді, сол жерде шұғыл ведомствоаралық тергеу тобына тапсырылды. Қазір Ақаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында отыр. Оның қатысуымен қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деді ҰҚМК өкілдері.

Бұған дейін бірінші президент Асқар Ақаев 2 тамызда Бішкекке оралатыны жайлы хабар тараған. Ол Қырғызстанды 1990-2005 жылдары аралығында басқарған. 2005 жылы наурыз айындағы революциядан кейін отбасымен бірге Ресейге қашып кеткен.

8 шілдеде Қырғызстан ҰҚМК төрағасы Камшыбек Ташиев елдің бұрынғы президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке «Құмтөр» алтын кеніндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында іздеу жарияланғанын мәлімдеген.

Қырғызстан үкіметі Құмтөр ісі бойынша халықаралық сотта канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы республиканың бұрынғы басшыларына «пара беріп, сатып алды» деген болжамды дәлелдемек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.