02-08-21 |
1620 рет қаралған
Биыл Қазақстан жоғарғы спорт жетістіктеріне 41,4 млрд теңге бөлген.
Биыл Қазақстан жоғарғы спорт жетістіктеріне 41,4 млрд теңге бөлген

Жоғарғы спорт жетістіктерін қаржыландыру 2021 жылы өсіп, оған бюджеттен 41,4 млрд теңге бөлінген. Ал 2020 жылы бұл салаға 32,6 млрд теңге бөлінген еді.

Миллиардтаған қаржы бөлінгеніне қарамастан Токио олимпиадасын барған Қазақстан спортшыларының нәтижелеріне жұртшылық көңілі толмай тұр. Қазақстан құрамасы әлі алтын медаль алған жоқ.

Ал олимпиададан алтын медаль алған спортшыларға қаржылай сыйақы беру жағынан Қазақстан көп мемлекеттен ілгері тұр. Егер қазақ спортшысы алтын медаль алса, оған 250 мың АҚШ доллары (қазіргі валюта бағамымен есептегенде 106 миллион теңге) көлемінде сыйақы беріледі.

Алтын медальға өзге елдер қанша сыйақы беретінін суреттен көріңіз:

 

Токио олимпиадасы тікелей көрсетілім мәселесінен басталып, ол шешілгенімен қабылдау сигналдары дұрыс болмай, көрермендер кейбір спорт түрлерінен ойындарды тамашалай алмай қалды.

Қазақстан олимпиадада жалпы есепте 3 қола медальмен әзірге 52 орында. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.