16-08-21 |
1040 рет қаралған
Ауғанстан тәліптер қолында.
Ауғанстан тәліптер қолында

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Facebook әлеуметтік желісінде қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін мәлімдеді.

 

«Бүгін мен қиын таңдау жасадым. Ол сарайға басып кіруге ұмтылған қарулы тәліптермен бетпе-бет кездесу, немесе соңғы 20 жылымды қорғауға арнаған тамаша елімді тастап кету», – деп жазады президент.

Ашраф Ғани егер ол Ауғанстанды тастап кетпесе, тәліптер Кабулға шабуыл жасайтынын айтады. Бұл бейбіт тұрғындардың қан төгуіне соқтыратын еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, тәліптер қылыш пен қару -жарақ шайқасында жеңіске жетті және енді өз отандастарының намысы мен байлығын қорғауға толық жауапкершілікті алады.

  • «Бірақ олар жүректерді жаулай алмайды. Себебі заңды түрде билікке келмеді. Тарихта бұрын-соңды ешкімге заңдылықты берген бір билік болған емес. Оларға да бермес», – деп жазды Ғани.

Ел президенті Ашраф Гани биліктен бас тартып, мемлекеттен кетуіне мәжбүр болды. Сондай-ақ “Талибан” қозғалысының ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жария етті. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.