16-08-21 |
960 рет қаралған
Тоқаев Ауғанстанда болған жағдайдан кейін бақылауды күшейтуді тапсырды.
Тоқаев Ауғанстанда болған жағдайдан кейін бақылауды күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты тағы жиын өткізді.

 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді. Жиынға премьер-министр Асқар Мамин, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері, бас прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қатысты», – деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Жиын барысында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Осы орайда Қазақстанның ұлттық мүддесі ескеріледі.

«Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды», – деп жазды Уәли.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.