17-08-21 |
1340 рет қаралған
БҰҰ барлық елді Ауғанстан босқындарын қабылдауға шақырды.
БҰҰ барлық елді Ауғанстан босқындарын қабылдауға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға шақырды.

«Мен барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға және оларды депортациялаудан аулақ болуға шақырамын», – деді Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Бас хатшы Ауғанстандағы жағдай жүздеген мың адамды үйінен кетуге мәжбүр еткенін жекізді.

Еске салсақ, 16 тамызға қараған түні Талибан* Ауған астанасы – Кабул қаласын бақылауға алғанын және соғысты тоқтатқанын мәлімдеді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Соңғы мәлімет бойынша ол әйелімен бірге Оманға келді.

Алпыстан астам елдің бірлескен мәлімдемесінде 60-тан астам ел Ауғанстаннан кеткісі келетін шетелдіктер мен ауғандықтардың кетуін қамтамасыз етуге шақырды делінген. Олар Ауған жолдарын, әуежай мен шекараны ашық ұстауға және тыныштық сақтауға шақырды.

Тәлібтер режимінде өз өмірі үшін қорқатын Ауғанстан азаматтары елден кетуге тырысып жатыр. Дәл қазір оның жалғыз жолы – эвакуациялық рейстер.

Сонымен қатар шілдеде БАҚ АҚШ-тың Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстаннан америкалықтарға науқан кезінде көмектескен 9 мыңға жуық ауғандықты уақытша қабылдауды сұрағаны туралы жазды. Алайда 15 тамызда Қазақстанның СІМ Ауғанстаннан босқындарды орналастыру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.