18-08-21 |
1330 рет қаралған
Мамин мұғалімдерге вакцина алу үшін тағы бес күн уақыт берді.
Мамин мұғалімдерге вакцина алу үшін тағы бес күн уақыт берді

Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық мұғалімдерге 25 тамызға дейін толық вакцинациядан өту қажеттігін айтты. 

 

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн. адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды», – дейді Мамин. 

Министр, оқушылардың қауіпсіздігі үшін мұғалімдер оқу жылы басталмас бұрын вакцинациялануы қажет екендігін жеткізді. 

«Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет», – деді Асқар Мамин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.