23-08-21 |
1260 рет қаралған
Кабул әуежайы екі күнге жабылды.
Кабул әуежайы екі күнге жабылды

Талибандардың бұйрығымен Кабулдағы барлық азаматтық рейстер тоқтатылды, әуежай екі күнге жабылады, деп хабарлады Euronews.com.

 

22 тамызда Кабул әуежайындна елден кетпек болған жеті адам кептелістің құрбаны болды. Соңғы күндері кем дегенде 20 адам түрлі оқиғалардан әуежайда қаза тауып жатыр. Содырлар әуе айлағындағы жағдайға жауапкершілікті АҚШ-қа жүктейді.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагон президент Джо Байденге әскеилерді Ауғанстаннан эвакуацилауды 31 тамыздан кейін ұзарту жөнінде ұсынымдар беретінін айтты.

«Біз жағдайды бағалауды жалғастырамыз және мүмкіндігінше көп адамдарды көшіру үшін бар күшімізді саламыз. Осы күн жақындаған сайын біз Президентке ұсыныстар дайындаймыз. Біз АҚШ азаматтарына әр түрлі жолмен хабарласуға тырысамыз. Оған қоса, оларға әуежайға жетуге көмектесетін боламыз», – деді ол.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау үшін американдық әуе тасымалдаушыларға тиесілі азаматтық ұшақтарды қолдану туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кабул әуежайының айналасында тәртіпсіздік күшейгені хабарланған болатын. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.