13-09-21 |
3630 рет қаралған
«Балаларға қауіпті»: Құрамында есірткі заты бар дәрілер дәріханаларда толып тұр.
«Балаларға қауіпті»: Құрамында есірткі заты бар дәрілер дәріханаларда толып тұр

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды аса сақ болып, балалардың жүріс-тұрысына мән беруге үндеді. Себебі бүгінде дәріханада сатылатын кейбір медициналық препараттарды есірткі ретінде пайдалану азаймаған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың сөзін Sputnik Қазақстан жазып алды. Бүгінде дәріханаларда сан алуан препарат сатылады. Полицейдің айтуынша, кейбір дәрінің құрамында есірткі заты бар, кейбіреуінде жоқ. Соған қарамастан, адамды есінен адастырады.

«Соның ішінде ең қауіптісі – «Трамадол» препараты. Бұл – синтетикалық опиодты анельгетик немесе синтетикалық героин. Дәл осы Трамадолдан нашақорлық басталады. Оған тәуелді болған адамды бірден анықтау қиын. Себебі нашақор тұмаумен ауырғандай болады. Бір нәрседен уланғандай болып көрінеді. Жасөспірім препаратты пайдаланса, ата-ана байқамай қалуы да мүмкін», – деді Әмірханов министрліктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, Тропикамид пен Цикломед сияқты көзге тамызатын дәрілер бар. Оны да есірткі заты ретінде пайдаланып жатады. Адам эйфорияға түседі.

«Бұрын осы препараттар тыйым салынған есірткі зат тізіміне кірмейтін. Сондықтан полиция тиісті шара қолдана алмады. Биыл маусым айында үкімет қаулысымен ол препараттарды күшті әсері бар зат тізіміне қосты. Осының арқасында құқық қорғау органдары сатылымын бақылауда ұстап, заңсыз айналымы үшін жауапқа тарта алады», – деп атап көрсетті Әмірханов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.