20-09-21 |
1240 рет қаралған
Ресейдегі Мемлекеттік дума сайлауының алғашқы қорытындылары шыға бастады.
Ресейдегі Мемлекеттік дума сайлауының алғашқы қорытындылары шыға бастады

Ресейде VIII шақырылған Мемлекеттік дума сайлауынан жоғары дауыс алатын партиялар аты болжаммен айтыла бастады. Орталық сайлау комиссиясы 17-19 қыркүйек аралығында өткен сайлау хаттамаларының 47,51%-ы саналғанын хабарлап үлгерді.

Мемлекеттік дума сайлауында 14 саяси партияның өкілдері депутаттық мандат үшін бақ сынады. Олардың екеуі Дума сайлауына алғаш рет кандидат ұсынды. Алдын ала мәлімет бойынша Мемлекеттік думаға бес партия өтеді. Олар – «Единая Россия», КПРФ, ЛДПР, «Справедливая Россия – за правду», «Новые люди».

Қалған партиялар 5 проценттік межеден өте алмайды. Олардың қатарында, атап айтқанда, Яблоко», «Зеленые», «Партия пенсионеров» және тағы басқа партиялар бар.

Айта кетейік Ресейде өткен Мемлекеттік думаға депутаттарды сайлау алғаш рет үш күнге созылды. Дауыс берушілер арнайы сайлау учаскесінде ғана емес, онлайн таңдау жасауға да мүмкіндік алды. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.