20-09-21 |
1450 рет қаралған
Пермь университетінде атыс жасаған адам ұсталды.
Пермь университетінде атыс жасаған адам ұсталды

Пермь университетінде студент атыс жасап, бірнеше адам қаза болды. Ресей тергеу комитеті таратқан соңғы мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 8 адамға жеткен.

Бүгін Пермь университетіне қаруланып келген студент оқытушылар мен студенттерге оқ жаудырды.

«8 адам қаза болды, бірнеше адам жарақат алды. Қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы деректер нақтыланып жатыр», – деді Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі, алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттан шығып үлгерген, ал қалғандары сыныптарда жасырынып қалған.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан шабуылдаушы университеттің адамдары мен терезелеріне бей-берекет оқ атып жатқанын көруге болады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.